▪️
ҚАНДЫҚОЛ «ЖАМАҒАТ» | №181Полиция бөлімшесіне тұрғындардың бірі қоңырау шалып, сұмдық ақпаратты хабарлайды. Қала сыртында тұратын ол, малын бағып жүріп, қан-жоса болған мәйітке тап болған. Айтуынша, мүрде шұңқырда жатыр. Сол мезетте діттелген жерге тергеу тобы жол тартты. Нәтижесінде, хабарласқан адамның сөзі расталып, көмусіз қалған шұңқырдан ер адамның мәйіті анықталды. Сарапшылар марқұмның тұла бойынан соққы іздерінен бөлек, екі оқ жарақатын тапты. Бір оқ денесіне тисе, бір оқ басының төбесіне тиген. Нышандарға қарасақ, әдеттегі қарақшылық тонау секілді. Алайда, тергеу барысында астарының әлдеқайда тереңірек екенін белгілі болды...
📹
Сілтеме: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg