ABAIBOL🇰🇿

channel icon
Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

Условия размещения

Цена за 24 часа в ленте 5000,00
Цена за 1 час закрепления 1000,00
Взаимопиар Нет
Дополнительные условия рекламы Отсутствуют
-41
36 487
подписчиков
+353
~14.0k
охват 1 публикации
0
~2
постов / день
+1,0%
38,5%
ERR % ?

Статистика

Последние публикации

ABAIBOL🇰🇿
20 декабря 2024 г. 9:10
🔞ТАПА-ТАЛ ТҮСТЕ БАЗАРДА КІСІНІ ҰРЫП ӨЛТІРГЕН

Атырау. 19 желтоқсан күні, елді дүрліктірген іске нүкте қойылып, 39 жастағы Мұхтар Ахмедов сотталды. Естеріңізге салсақ, оқиға осы жылдің 5 шілдесінде орын алған болатын. Марқұм Амандық Сағынғалиев тізгіндеген «Газель» көлігі байқаусызда «Мерседес» көлігімен соқтығысқан. Кішкене сырылып майысқан «мерседестің» қожайыны Мұхтар Ахмедов егде жастағы адамды аяусыз соққыға жыға бастайды. Сағынғалиев айыбын мойындап, сабырға шақырғанымен Ахмедов қол жұмсауын қоймайды. Нәтижесінде, соққылардың бірінен жәбірленуші сылқ етіп құлап, сол күйі тұрмай қалды. Сағынғалиев 11 шілде күні ауруханада есіне келмей көз жұмған еді. Анықталғандай, соққылардың жалпы саны 9 болған екен. Сараптама нәтижесінде, марқұмның бас сүйегі шытынап сынып, миына қан кету себебімен көз жұмғаны анықталды.

Бастапқы ақпараттар бойынша, марқұмның 70 жас төңірегінде болғаны жайлы айтылып жатты. Алайда, марқұм небәрі 56 жаста болған екен. Артында үш ұлы және бір қызы қалды. Ал, 39 жастағы Мұхтар Ахмедовтың 5 баласы бар. Үлкені 17 жаста болса, кенжесі 2 жаста. «Ризық» деп аталатын шаруа қожалығының директоры екен. Сот шешімімен, Ахмедов 8 жылға қамалды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа моральдік өтемақы төлеуі тиіс. Бірақ, өтемақының нақты сомасы жарияланбады.

❗️Ахмедов кінәсін тек жартылай мойындапты. Яғни, қайғылы оқиғанының жазатайым болғанын мәлімдеумен болған. Бірақ, бейнебақылау жазбалары қылмыстың қатігез әрі қасақана болғанын растап тұр.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
20 декабря 2024 г. 8:15
🔞ЖАРТЫЛАЙ ЖАЛАҢАШ КҮЙДЕ БАРБЕРШОПҚА ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН

Астана. 19 желтоқсан күні, Елордалық сақшылар 30 жастағы «ыстықтағыш» ұрыны құрықтады. Оқиға 7 желтоқсан күні, кешкі 20:30 шамасында орын алыпты. Бейнебақылау камерасына таспаланған видеоға қарасақ, барбершопқа әлдебір жартылай жалаңаш ер адам кіріп, шаш қиятын машинка мен шаш кептіретін фенді қолды қылып кетеді. Анықталғандай, күдікті жақын маңдағы саунада достарымен отырған екен. Сөйтіп, шашының өсіп кеткенін байқап, шұғыл түрде өзін «ретке» келтіруді шешкен ол, көршілес тұрған барбершопқа аттанған. Ал, шаштараз иесі бұл сәтте есікті ашық күйде қалдырып, жеке тірліктерімен сыртта жүріпті. «Сәнді шаш үлгісін» қалаған жігіт қылмысын мойындап, өкінетіндігін мәлімдепті. Егер барбершоп иесімен татуласпаса, 33 күн көше сыпырады немесе 3 жылға дейін қамалуы мүмкін.

❗️Егер сіз де сәнді шаш үлгісін қаласаңыз, «ABAIBOL» барбершопына«ABAIBOL» барбершопына келгеніңіз дұрыс. Бірақ, Астаналық жігіт сияқты жартылай жалаңаш күйде емес😁😁

🥇«ABAIBOL» барбершопы: https://www.instagram.com/abaibol.barbershop/

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
20 декабря 2024 г. 7:26
🔞«ОРТАҢҒЫ САУСАҚ» КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ТАЯҚ ЖЕП, ТЕЛЕФОНЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Павлодар. 19 желтоқсан күні, жергілікті сот шешімімен 30 жастағы ер адам сотталды. Оқиға осы жылдың тамыз айында болған. Іс материалдарына үңілсек, кешқұрым дүкенге шыққан айыпталушының көзіне қолын бұлғаңдатып жатқан келіншек түскен. Әлгі келіншек оған «ортаңғы саусағын», яғни, «фак» көрсетіп жатыр деп ойлап, наразылығын білдіре бастайды. Нәтижесінде, араларында жанжал туып, келіншекті соққыға жығып тастаған екен. Сөйтіп, «моральдік өтемақы» ретінде, келіншектің қалтасындағы ақшасы мен телефонын тартып алыпты. Сот шешімімен, «намысшыл» жігіт 3 жыл 7 айға сотталды. Жәбірленушінің «фак» көрсеткені дәлелденген жоқ.

❗️«Фак» көрсеткен болса, жауап ретінде «фак» көрсете салуы керек еді…

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
19 декабря 2024 г. 17:52
187-ші қылмыстық іске қатысты сұрақ: тәуіп, бақсы, көріпкелге жүгінгенсіз бе?
Опрос
  • Иә, бірақ, көмегі тимеді
  • Иә, көмегі тиді
  • Жоқ, сенбеймін
  • Жоқ, бірақ, құдіреті бар екендеріне сенемін
  • Маған бәрібір
ABAIBOL🇰🇿
18 декабря 2024 г. 14:46
▪️ ТЕМІРТАУЛЫҚ ҚАНІШЕР ТӘУІП | №187

«Үмітсіз шайтан» демекші, адамды үміттен айыру мүмкін емес. Тағдыры ойран болып өмірден күдерін үзгенімен, арғы дүние жайлы жұбанышы болады. Ал, бұл соңғы әрі өлмейтін үміт. Десекте, сол үмітті сататындар да бар. Ойларыңызға бірінші болып «инфосығандар» түскен болар. Бірақ, аталмыш деректі фильм олар жайлы емес. Әлдеқайда ежелгірек «кәсіп иесі» туралы: тәуіп, бақсы, көріпкел және тағысын тағы. Бәріміз осындай «құдірет иелерімен» бір рет болсын тоғысқанбыз. Бірі, кеселіне ем іздесе, бірі дайын жауаптарды көздейді. Алайда, тәуіп-бақсылар дерттің емін немесе мәселенің шешімін бермейді. Олар үміт сатады. Ал, бүгінгі оқиғаның кейіпкерлері үмітпен қоса, қорқынышты бонусқа тап болды. Ол азапты өлім. Бұл 187-ші қылмыстық іс. Қарағанды облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/EmPNXVi_S_o
ABAIBOL🇰🇿
17 декабря 2024 г. 16:20
ABAIBOL🇰🇿
16 декабря 2024 г. 9:01
🔞МЕТРОДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАНЫҢ ТОЛЫҚ ВИДЕОСЫ ШЫҚТЫ

Алматы. 10 желтоқсан күні «Абай» бекетінде болған қайғылы оқиғаның толық видеосы шықты. Естеріңізге салсақ, 26 жастағы көзі көрмейтін жігіт рельстерге құлап мерт болған болатын. Енді, адамдардың вагондарды итергендерінің себебі белгілі болып отыр. Марқұм кісі дөңгелек астына түспеген. Вагондар арасындағы кеңістікке құлап түскен екен. Нәтижесінде, пойыз жүріп кетіп, әлгі жігіт вагон мен платформа арасында қысылып қалыпты.

❗️Жапониядағыдай платформа мен вагондар арасына қоршау қою керек.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
16 декабря 2024 г. 8:01
🔞13 МЛН. ТЕҢГЕСІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛ

Екібастұз қаласы. Зейнеткер әйел полицияға жүгініп, 13 млн. теңгесінің жоғалғаны жайлы шағымданған. Нәтижесінде, 14 желтоқстан күні келіншек құрықталды. Анықталғандай, жәбірленуші инсульт алып, 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында ауруханада жатқан екен. Ал, күдікті келіншек кейуанамен бір палатада жатыпты. Кейуананың қауқарсыз жатқанын пайдаланып, телефонындағы банк қосымшасына кірген. Сөйтіп, 13 млн. теңгесін өз шотына аударып алған екен. Тергеушіге күдіктіні табу қиындыққа соқпапты. Жәй аударымдар тарихын қараған екен. Тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Инсульт – қорқынышты дерт. «Гениалды» ұры әлгі кейуананы аман шықпайды деп үміттенген болар.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
16 декабря 2024 г. 6:01
🔞16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Құрметті Отандастар, баршаңызды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Елімізде тыныштық болып, жұртымыз бәлекеттен аулақ болсын. Әрине, аталмыш тілектер жаттанды әрі жауыр болып көрінер. Ал, 90-шы жылдардағы тауқыметті бастан кешкен мен үшін бұл сөздердің мәні зор. Отанымызда болған табиғи зілзалалар, лаңкестіктер, қаралы «Қаңтар оқиғасынан» кейін «тыныштық» ұғымының қадірін баршамыз ұғынған болармыз. Сондықтан, еліміз тыныш болсын!

❗️Бабаларымыз азаттықты армандап арманда кетті. Қадірін түсінбей, сириялықтар, ливиялықтар немесе украиндар сияқты қан қақсап қалмайық. Абай болайық!

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 20:45
❗ «Астана» - «Челси» ойыны 1:3 есебімен аяқталды. Біздің команда жеңілді.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 19:08
🔞ҚАРЖАУБАЙ НҰРЫМОВТЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Алматы облысы, Талғар ауданы. 10 желтоқсан күні марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған болатын. Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінде өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, сақшыларға пышақпен шабуыл жасаған көрінеді. Ал, бүгін оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болып отыр. Деректерге сүйенсек, Нұрымов өзгенің көлігін зақымдап, дөңгелегін пышақпен жарған екен. Адвокаттары аппеляция беріп, босатып алуға тырысып жатқандарын мәлімдеді.

❗️Бұл қайғыны өз пайдасына қолданып, саяси, я басқа ұпай жинағысы келетіндердің саны көбейіп барады. Байқап жүрген шығарсыздар. Күдіктілердің бәрі абақтыда. Полиция басқармасы тергеудің осы жылдың аяғына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 18:51
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 18:51
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 18:51
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 18:50
«ЧЕЛСИ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ БОРАТТЫҢ БАННЕРІН АЛЫП КЕЛДІ

Алматы. Бүгін Орталық Стадионда «Челси» және «Астана» футбол командаларының ойыны өтеді. Британдық жанкүйерлер бұзық екені әлемге мәлім. Міне, бұзықтықтары расталып отыр. Елімізге келген «Челси» жанкүйерлері өздерімен бірге Борат бейнеленген баннер алып келген. Баннерде «Челсиді үйде де, түзде де қолдаймыз» деп жазылған.

Әлжеліде олардың бұл қылығы қызу талқыға түсіп, дауға ұласқалы тұр. Бірақ, британдық жанкүйерлер үшін қанды төбелестер – үйреншікті қалыпты құбылыс. Біздің жанкүйерлердің қоқан-лоқыларын пысқырып та тұрған жоқ. Десекте, бұл тек ойын екенін ұмытпағанымыз абзал. Сабырлық танытып, әлемге масқара болып жүрмейік!

❗️Бүгінгі ойынды күткендер бар ма? Қай команданы қолдайсыз? Айтпақшы, Қазақстанға «Челсидің» жұлдыздары емес, екінші құрамдағы командасы келіпті.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 18:50
🫦15 МИНУТТА 1100 ТЕҢГЕ 12.000 ТЕҢГЕГЕ АЙНАЛДЫ

Аталмыш алаңдағы «Gates of покердом» ойынында 1100 теңге салым 15 минутта 12.000 теңгеге айналды. Бәлкім, бәзбіреу үшін бұл ауыз толтырып айтар сома емес шығар. Дегенмен, жағымды екені сөзсіз. Яғни, 1100 теңге салым 50-70-100 теңгеден бөлініп қойылды. Мұндай алаңның жүйесі түсінікті ғой. Еліктіру үшін бастапқыда олжаны береді. Берген кезінде ойынды дереу доғарып, 3-5 күн кірмей қоямын. Ұзын сөздің қысқасы, ұтыс берген соң үзіліс жасау керек. Ал, миллондап ұту туралы армандаудың да қажеті жоқ. Еріккенде аз-аздан «жұлып» кеткен де жетеді. Себебі, бұл баюдың жолы емес, көңіл көтеру құралы.

🔖Төмендегі сілтеме арқылы «Покердом» алаңы 100 тегін айналым, сондай-ақ, салымды 100 пайызға ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырған. Ерігіп іш пысқанда ойнап көруге болады. Мұнда пәтер немесе көлік алатын ұтыс шығара алмайсыз. Бірақ, сусын, темекі, я болмаса тәттілер алуға болады🙂

➡️Сілтеме: https://4pd-stat.com/click/675849a76bcc63265d2cd554/17/15061/
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 16:23
🔞СОТ ЗАЛЫНДА ҚОЛТАМЫРЛАРЫН КЕСКЕН БОЙЖЕТКЕН

Алматы облысы, Қаскелең қаласы. 10 желтоқсан күні, жергілікті сот барысында оқыс оқиға орын алды. Сотталып жатқан екі бойжеткеннің бірі сот барысында өзінің қолтамырларын кескілей жөнелген. Сақшылар өзіне қол жұмсау әрекетін дер кезінде тоқтатты. Айыпталушы тергеу барысында берген мойындау жауаптарын жоққа шығарып, мемлекет тарапынан тағайындалған адвокатын ауыстыруды талап етіпті. Сөйтіп, қолын кафельдің сынығымен кесе жөнелген.

Екі бойжеткенге ірі көлемде есірткі дайындап, таратып, сатқандары үшін айып тағылып отыр екен. Десекте, «Пабло Эскобар» ару дегеніне жеткен сияқты. Сот отырысы кейінге шегерілді.

❗️Әр отырыста осылай жасай берсе, изоляторда сау кафель қалмайтын болды ғой...

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 15:58
🔞ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ 3 БОЗБАЛА ЖАБЫЛЫП ЗОРЛАҒАН

Жамбыл облысы. 12 желтоқсан күні, жергілікті чаттар мен әлжелі парақшаларында сұмдық ақпарат тарай бастады. Кәмелет жасына толмаған үш бала жасөспірім қызды зорлаған. Көп ұзамай, аталмыш деректі полиция растап, күдіктілердің құрықталғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда, тергеу амалдары мәресіне таяп қалған екен. Күдіктілердің екеуі үй қамағына алынса, біреуі жеке кепілгерлікке алынған. Яғни, әлдебір «сенімді» азамат қашып кетпейтіндігін қадағалауға жауапкершілік алған болып тұр. Тергеу мүддесіне орай, оқиға орын алған елді-мекен атауы, жәбірленуші мен күдіктілердің жеке бастарына қатысты ақпарат жарияланбай отыр.

❗️Кәмелет жасқа толмаған болса, қатаң жаза алулары екіталай...

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 15:31
🔞МЕТРОДА БОЛҒАН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫ ШЫҚТЫ

Алматы. 10 желтоқстан күні «Абай» бекетінде орын алған қайғылы оқиға барысы таспаланған видео жарияланды. Естеріңізге салсақ, аталмыш күні 26 жастағы ер адам вагон астына түсіп қайтыс болған еді. Марқұм көзі көрмейтін зағип болған.

Оқиғаның жазатайым екені видеодан анық көрініп тұр. Марқұм вагондар арасындағы бос кеңістікті есікпен шатастырып алыпты. Оның құлағалы жатқанын көрген бойжеткен көмектеспекке ұмтылады. Алайда, метро қызметкерінің ескерту ысқырығы назарын бөліп жіберген секілді. Ал, пойыз қозғала бастағанда жолаушылар байбалам салып, тоқтатады. Бірақ, тым кеш...

❗️Жапониялық метроларда жолаушылар мен вагондарды бөліп тұратын қоршау тұрады. Бірақ, бұл жазатайымға қарсы емес, өзіне қол жұмсауларды болдырмау үшін.

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube
ABAIBOL🇰🇿
12 декабря 2024 г. 15:13
🔞ТРАНСГЕНДЕР АМИЛАЙ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Алматы. 11 желтоқсан күні, жергілікті сот шешімімен Амандық Баймұратов, яғни, Амилай есімімен танымал трансгендер 7 тәулікке қамалды. Сотталуына 5 желтоқсанда болған оқиға түрткі болыпты. Аталмыш күні «MC Donerci» донерханасында Амилай мен екі жігіт арасында жанжал туып, тіпті, төбелеске ұласқан. Оқиға барысы таспаланған видеоны Амилай өз парақшасында жариялаған болатын. Нәтижесінде, қоғамдық жерде балағат сөз қолданғаны үшін Амилай «ханым» 7 тәулікке абақтыға тоғытылды. Сондай-ақ, әлгі екі жігіт те 7 тәулікке қамалған.

❗️Жұлдыздарымыз бірінің артынан бір қамалып жатыр. Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, енді, Амилай...

👍 ❤️ TelegramTelegram | 🧐 InstagramInstagram | ❤️ YoutubeYoutube